Adobe Photoshop программасының мүмкіндіктері
Мақсаты: Adobe Photoshop программасының мүмкіндіктерімен таныстыру.
Дәріс сұрақтары:
1. Adobe Photoshop
программасының мүмкіндіктері.
2. Программа терезесінің атауы.
1. Adobe Photoshop (АР) программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. (АР) –
палитрамен жұмыс істеу, калибровка
жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды,
контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады.
Сурет 3 Photoshop редакторының жүктеме кезіндегі және жаңа құжатты ашу кезіндегі
қалпы
келтірілген.


Сурет 3. Редактордың терезесі
2. Бұл
редактор терезесінің жоғарғы жақ жолы. Бұл жерде терезе қалпын басқаратын үш батырма орналасқан. Олар барлық Windows 95/98/Me қосымша программалары үшін стандартты. Сол жақ батырма терезені
белгіге дейін жабады, ортаңғы батырма – оны экранның толық бетіне шығарады, ал оң жақ батырма – программаны жабуға мүмкіндік береді.
Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню
атауларын қамтиды. Қандай да
бір меню командасын
таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны.
Егер соңында көп нүктесі бар команданы
орындасақ, экранда диалогты
терезе немесе диалог
ашылады. Ол жерде сіз
кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тәра келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын
таңдаған кезде құжаттары бар диалогты
терезе ашылып, керекті құжатты таңжап жүктеуге салуыңызға
болады.
Әртүрлі
меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады:
ð
Файл – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды испорттау
және
экспорттау; құжат жайлы
ақпаратты
теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу;
ð
Правка – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру
және
орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды
трасформациялау;
ð
Изображение –
бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст
өлшемдерін
және
бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті
коррекция, түстік моделді
өзгерту, түстік қақпанды
құру
және
т.б.;
ð
Слой – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;
ð
Выбор – бөліп алулармен жұмыс: бейнені толығымен бөліп алу, бөліп алуды алып
тастау және қайтару, бөліп алуды
инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің
облыстарын бөліп алу, бөліп алуды жүктеу және сақтау;
ð
Фильтр –Photoshop фильтрлары;
ð
Вид – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты
сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;
ð
Окно – әр түрлі құжаттармен бір уақытағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру;
ð
Помощь – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу.
Photoshop программасы жүктелгеннен кейін, жұмыс терезесінде тек құралдарды, палитраларды, панелдерді ғана көреміз. Мәтіндік және басқа да графикалық редакторларға қарағанда, Photoshop жүктелген кезде
жаңа
таза құжатты ашпайды, себебі ол көбінесе басқа бейнелерден алынған бейнені өңдеуге арналған.

Сурет 4. Файлдар броузерінің терезесі
«Броузер» палитрасы суреттерді
қарап
шығуға, сорттауға және таңдалған
суретті ағымды кескінге келтіруге
мүмкіндік
береді. «Броузер» палитрасының көмегімен жаңа папкаларды құруға, өшіруге, жылжытуға, градустар бойынша
айналдыруға болады.
Үнсіз үйлесім бойынша файлдар
броузері терезесінде
суреттер үлкен өлшемді кескіндер ретінде
бейнеленеді. Егер сіздің папкаңызда графикалық файлдардың саны көп болса, онда сізге 4 суретінде көрсетілгендей, кішірек
кескіндерді қолдануға
тура келеді.
Әдебиеті:
1 Компьютерная графика.
С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе.
Харьков «Фолио»
Москва «АСТ», 2001.
2 Эффективная работа с Corel Draw 11. Александр
Тайц. Санкт-Петербург *
Москва * Харьков * Минск, 2001.
Бақылау сұрақтары:
1 Adobe Photoshop программасының мүмкіндіктерін атаңыз.
2 «Броузер» палитрасы дегеніміз не?